Қазақстан чемпионатының жартылай финалына шыққан командалар белгілі болды
Хоккей
“Номад” ХК. Сурет: Pro Hokei Ligasy
Хоккейден Қазақстан чемпионаты - Pro Hokei Ligasy плей-офф кезеңінің жартылай финалына шыққан командалар белгілі болды, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі.
Астаналық "Номад" пен "Алматы" арасындағы ширек финалдағы серия жеті матчқа дейін жалғасып, соңғы шешуші ойында Константин Пушкарев бастаған ұжым жартылай финалдың төртінші қатысушысы атанды.
Бұған дейін өскемендік "Торпедо" ("Бейбарыс" - 4:0), қарағандылық "Сарыарқа" ("Горняк" - 4:1) мен Петропавлдың "Құлагер" ("Арлан" - 4:1) командалары өз серияларында жеңіске жеткен болатын.
Қазақстан чемпионатының жартылай финалы 16 наурызда басталады.
Финал жолдамасына "Номад" пен "Құлагер", "Торпедо" мен "Сарыарқа" таласады.