Қазақстан ерлер құрамасы Олимпиаданың финалынан тыс қалды

Қазақстан ерлер құрамасы Олимпиаданың финалынан тыс қалды
Қысқы спорт

Сурет: ҚР ҰОК баспасөз қызметі

Қазақстан ерлер құрамасы Италияда өтіп жатқан 2026 жылғы Олимпиада ойындарында шаңғы жарысынан финалға өте алмады, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі. 

Әмірғали Мұратбеков пен Наиль Башмаков командалық спринт сайысына қатысты. Іріктеу кезеңінде қазақстандық шаңғышылар 6:35.34 уақыт көрсеткішін тіркеп, 27-орынға тұрақтады. Ал финалға 15 үздік команда ғана жолдама алады. Осылайша, Қазақстан ерлер құрама ақ Ойындардың шешуші кезеңінен тыс қалды. 

Бұған дейін осы дисциплинада Надежда Степашкина мен Дарья Ряжко да іріктеу кезеңінен өте алмаған еді.