Олимпиада-2026: Денис Никиша жартылай финалға шықты

Олимпиада-2026: Денис Никиша жартылай финалға шықты
Қысқы спорт

Денис Никиша. Сурет: Сали Сабиров, ҚР ҰОК баспасөз қызметі

Шорт-тректен Қазақстан құрамасының өкілі Денис Никиша Италияда өтіп жатқан 2026 жылғы Олимпиада ойындарының жартылай финалына жолдама алды, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі ҚР ҰОК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Отандасымыз 500 метр қашықтықта ел намысын қорғауда. Ширек финалда Никиша мәреге үшінші болып жетті. Дегенмен уақыт көрсеткіші бойынша жартылай финалға өтті.

Еске салайық, жартылай финалға өз тобында 1-2 орын алған спортшылар, сондай-ақ, үшінші орын иеленгендер арасынан ең үздік уақыт көрсеткішін тіркеген екі шорт-трекші өтеді.

Абзал Әжіғалиев Олимпиада ойындарында өнер көрсетуін аяқтады. Ол өз жарысында бесінші болып мәреге жетті.