Азиада: Қазақстан қоржынына екінші күміс жүлде түсті

Азиада: Қазақстан қоржынына екінші күміс жүлде түсті
Жеңіл атлетика

Сали Сабиров

Бахрейнде өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы жазғы Азия ойындарында қоржынымызға тағы бір күміс жүлде түсті, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі. 

Жеңіл атлет Виктория Мельникова 1500 метрге жүгіруден финалдық жарыста сәтті өнер көрсетті. Ол аталған қашықтықты 4:51.61 уақытты жүгіріп өткен.

Алтын медальді Өзбекстан өкілі Назима Рахимжонова (4:51.20) жеңіп алды, ал Шри-Ланка спортшысы Санипа Гимхани (4:52.32) қола жүлдеге ие болды. Қазақстандық Агата Красаева жетінші орынға тұрақтады.