Милан-2026: Австриялық спортшы жаттығу кезінде құлап, бетін жарған

Милан-2026: Австриялық спортшы жаттығу кезінде құлап, бетін жарған
Қысқы спорт

Даниэль Хеметсбергер. Сурет: AP/TASS

Тау шаңғысы спортынан әлем Кубогы кезеңдерінің жүлдегері, австриялық Даниэль Хеметсбергер Олимпиада ойындарындағы жаттығу кезінде бетін жарған, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі. 

34 жастағы спортшы 5 ақпанда өткізген жаттығуында жылдамдығын тежей алмай, қорғаныс торлары тұсына қарай құлаған. Спортшының дулығасы шешіліп қалғанымен, ол орнынан өзі тұрған, мұрны мен аузының қанағаны байқалған. The Sun басылымы жариялаған суреттерде Даниэльдің бірнеше тісі сынғанын да көруге болады.