Eurasia Jastar Cup: Қазақстан жасөспірімдер құрамасы екінші жеңісіне қол жеткізді

Eurasia Jastar Cup: Қазақстан жасөспірімдер құрамасы екінші жеңісіне қол жеткізді
Хоккей

Қазақстан U18 - Ресей әйелдер құрамасы. Сурет: ҚХФ

Астанада өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы хоккейден Eurasia Jastar Cup турнирінің екінші матчында Қазақстан командасы Ресейдің әйелдер құрамасына қарсы ойнады, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі. 

Матч есебін ресейлік хоккейшілер ашты. Максим Худяков шәкірттері таразы басын теңестіріп, артынша есепте алға шықты. Екінші кезеңде Ресей тағы да таблодағы көрсеткішті теңестіргенімен, оған қазақстандық хоккейшілер тағы бес шайбамен жауап қатты. Ойынның қорытынды бөлігінде Қазақстан қарсылас қақпасына тағы екі гол соқса, ресейлік қыздар да өзінің екі мүмкіндігін жүзеге асыра алды - 9:4. 

Турнир аясындағы шешуші ойынын Қазақстан жасөспірімдер құрамасы 5 ақпан күні Ресейдің U16 командасына қарсы өткізеді. 

Қазақстан U18 – Ресей әйелдер құрамасы - 9:4 (2:1, 5:1, 2:2)

0:1 - 04:01 – Коржакова (Ганеева, Махмутова)

1:1 - 05:50 – Бигаринов (Кравченко, Евплов)

2:1 - 16:47 – Челюк, (Ануфриев, Турсынов)

2:2 - 22:15 - Глухарёва (Баталова, Шкалёва)

3:2 - 24:08 – Бигаринов (Решетько, Евплов)

4:2 - 25:03 – Айболұлы (Задорожный, Қайыржан)

5:2 - 26:03 – Желтоножко (Абдуллин, Утеев)

6:2 - 28:09 - Айболұлы (Қайыржан, Залевский)

7:2 - 35:35 – Бигаринов (Кравченко, Евплов)

8:2 - 40:52 – Тлеухан (Бигаринов, Евплов)

8:3 - 42:35 – Шкалёва (Фаляхова, Баталова)

9:3 - 43:33 – Кравченко (Бигаринов)

9:4- 47:52 – Иванова (Митрофанова)

Қақпашылар: Плотников – Гредзен (Ашина, 28:09 – 60:00)