Қазақстан жасөспірімдер құрамасы Беларусьті жеңді

Қазақстан жасөспірімдер құрамасы Беларусьті жеңді
Хоккей

Қазақстан жасөспірімдер құрамасы. Сурет: ҚХФ

Астанада басталған хоккейден Eurasia Jastar Cup турнирінің алғашқы матчында Қазақстан жасөспірімдер құрамасы Беларусь U17 командасымен кездесіп, жеңіске жетті, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі.

Ойын есебін Қазақстан құрамасы ашып, екінші кезеңде Данил Челюк дубль авторы атанды. Матчтың қорытынды бөлігінде таблодағы есеп өзгеріссіз қалып, Қазақстан жасөспірімдер құрамасы жарыстағы алғашқы жеңісіне қол жеткізді. 

Қазақстан U18 - Беларусь U17 - 3:0 (1:0, 2:0, 0:0)

1:0 - 16:57 - Тлеухан

2:0 - 29:28 - Челюк (Ануфриев, Гасников)

3:0 - 36:48 - Челюк (Коленко)

Қақпашылар: Мыльников - Забава