Қазақстан жасөспірімдер командасының Eurasia Jastar Cup турниріне қатысатын құрамы жарияланды
Қазақстан жасөспірімдер құрамасы / Сурет: ҚХФ
2 ақпанда Астанада жасөспірім хоккейшілер арасында Eurasia Jastar Cup турнирі басталады. Жарысқа Қазақстан жасөспірімдер командасы, Ресейдің U16 және әйелдер құрамалары, Беларусь U17 ұжымы қатысады. Максим Худяков бастаған бапкерлер штабы турнирге қатысатын Қазақстан жасөспірімдер командасының құрамын жариялады, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі.
Қақпашылар: Давид Зиновьев («Торпедо», Өскемен), Кирилл Мыльников («Барыс», Астана), Елисей Плотников («Авангард», Омбы)
Қорғаушылар: Темірлан Айболұлы, Кирилл Задорожный, Матвей Решетько, Расул Турсынов, Дэнир Утеев («Барыс», Астана), Макар Винтовкин («Кармет», Теміртау), Артём Гасников («Торпедо», Өскемен), Святослав Евплов («Спартак-МАХ», Мәскеу), Ярослав Челбаевский («Ақтөбе», Ақтөбе);
Шабуылшылар: Тарлан Абдуллин, Әділжан Әміржанов, Таир Бигаринов, Богдан Залевский, Егор Кравченко, Рауан Қайыржан, Әділхан Саттар, Жахангер Тлеухан («Барыс», Астана), Владислав Ануфриев, Данил Челюк («Торпедо», Өскемен), Матвей Желтоножко («Авангард», Омбы), Михаил Коленко («Лада», Тольятти), Абдуррахим Қыдырбай, («Астана», Астана), Дінислам Төлеген («Авангард», Омбы).