Астанада хоккейден жасөспірімдер арасында халықаралық турнир өтеді

Астанада хоккейден жасөспірімдер арасында халықаралық турнир өтеді
Хоккей

Қазақстан жасөспірімдер құрамасы / Сурет: ҚХФ

2–5 ақпан аралығында Астанада Eurasia Jastar Cup халықаралық жасөспірімдер турнирі өтеді. Кубок үшін Ресейдің U16, Беларусьтің U18 және Қазақстанның U18 жасөспірімдер құрамалары тартысқа түседі, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі.  

Сонымен қатар жарысқа Ресейдің қыздар құрамасы да қатысады. Командалар бұған дейін қараша айында Минск қаласында өткен Президенттік спорт клубы кубогі аясында кездескен болатын. Сондай-ақ Eurasia Jastar Cup аясында 3х3 форматындағы турнир де ұйымдастырылады.

Барлық матчтар «Барыс Аренаның» Б блогында өтеді, кіру тегін. 

Команда кеше, 28 қаңтарда жарыс алдындағы оқу-жаттығу жиындарына кірісті. 

Бұл турнир біздің жасөспірімдер үшін сәуір айында Польшада өтетін А дивизионының бірінші дивизионындағы әлем чемпионатына дайындық кезеңдерінің бірі болмақ.

Eurasian Jastar Cup турнирі алғаш рет 2023 жылы өткен болатын, сол кезде жарыстың жеңімпазы Ресейдің U16 құрамасы атанды.