Қазақстан жасөспірімдер құрамасы жеңіс жолын жалғастырды

Қазақстан жасөспірімдер құрамасы жеңіс жолын жалғастырды
Хоккей

Қазақстан жасөспірімдер құрамасы / Сурет: ҚХФ

Хоккейден 18 жасқа дейінгі қыздар арасында өтіп жатқан ІІ дивизионның А тобындағы әлем чемпионатының кезекті матчында Қазақстан жасөспірімдер құрамасы Нидерланд командасына қарсы ойнап, ірі жеңіске қол жеткізді, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі. 

Қыздарымыз бірінші кезеңде қарсылас қақпасына төрт шайба соқса, екінші жиырма минуттықта тағы екі голдың авторы атанып, ойынның қорытынды бөлігінде тағы бір нәтижелі шабуыл ұйымдастыра білді - 7:0. Команда құрамында Анфиса Новикова хет-трик авторы атанса, София Муравьева, Ульяна Куклина мен Василиса Шуклина өз есептеріне бір шайбадан жазды.

Нидерланд U18 – Қазақстан U18 – 0:7 (0:4, 0:2, 0:1)

0:1 – 05:18 – Куклина (Муравьева, Нигматуллина)

0:2 - 05:46 – Новикова (Шуклина)

0:3 - 12:26 – Шуклина (Новикова)

0:4 – 17:03 – Новикова (Шуклина)

0:5 - 24:46 – Муравьева (Нигматуллина, Куклина)

0:6 - 33:44 – Новикова (Муравьева, Куклина) ГБ

0:7 - 45:58 – Новикова (Шуклина)

Қақпашылар: Прене – Яковлева