Хоккейші қыздарымыз Латвияны ойсырата ұтты

Хоккейші қыздарымыз Латвияны ойсырата ұтты
Хоккей

Қазақстан - Латвия / Сурет: ҚХФ

Ыстамбұлда хоккейден 18 жасқа дейінгі қыздар арасындағы ІІ дивизионның А тобындағы әлем чемпионаты жалғасып жатыр, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі. 

Турнирдің екінші матчында қыздарымыз Латвиямен кездесіп, ойын есебін қарсылас ашты. Алайда одан кейін отандастарымыз кем құрамда таразы басын теңестіріп, артынша жауапсыз 8 шайба соқты. Софья Муравьева қатарынан екінші ойында хет-трик авторы атанса, София Зубкова мен Рената Лившиц дубль жасады. Ал Василиса Шуклина мен Анфиса Новикова бір шайбадан өз есептеріне жазды - 9:1. 

Қазақстан – Латвия 9:1 (2:1, 2:0, 5:0)

0:1 – 12:19 – Зелюбовска (Нейберга, Дуце) ГБ

1:1 – 15:52 – Муравьева (Зубкова) ГМ

2:1 – 18:00 – Шуклина (Новикова)

3:1 – 34:14 – Муравьева (Зубкова, Лившиц) ГБ

4:1 – 37:18 – Зубкова

5:1 – 44:14 – Лившиц (Муравьева) ГБ

6:1 – 45:52 – Зубкова (Муравьева, Куклина) ГБ

7:1 – 47:14 – Лившиц (Муравьева, Нигматуллина)

8:1 – 56:24 – Новикова (Муравьева, Зубкова)

9:1 – 59:15 – Муравьева (Зубкова)

Қақпашылар: Яковлева – Казе (Путриниеце, 40:00-60:00)