Қазақ семсершілері Гран-при жарысына қатысады
Семсерлесу
Сурет: Olympic.kz
Қазақстан құрамасы рапирамен семсерлесуден Италияның Турин қаласында өтетін Гран-при сериясындағы турнирге қатысады, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі ҚР ҰОК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Аталған ірі халықаралық жарыс 5-7 ақпан аралығында өтеді.
Италияда ел намысын София Актаева, Алёна Гноева, Ғалым Нұрымов және Тимофей Семёнов қорғайды.