Қазақстанның екінші ракеткасы ірі есеппен жеңіліп, ATP 250 турнирінен шығып қалды
Теннис
Александр Шевченко / Сурет: Getty Images
Қазақстанның екінші ракеткасы Александр Шевченко Аделаидада өтіп жатқан ATP 250 турниріндегі жарыс жолын аяқтады, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі.
Ширек финалда ол франциялық Уго Умбермен шеберлік байқасып, 0:6, 3:6 есебімен жеңілді.
Енді Шевченко Аустралия ашық біріншілігінде бақ сынайды. Бүгін қазақстандық теннисшілердің алғашқы қарсыластары белгілі болған. Александр Шевченко алғашқы кезеңде іріктеуде жеңіске жеткен теннисшімен кездеседі.