Тоқаев Йохан Элиашты “Достық” орденімен марапаттады

Тоқаев Йохан Элиашты “Достық” орденімен марапаттады
Қысқы спорт

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев FIS президенті Йохан Элиашты қабылдады, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Президент елімізде шаңғы және сноуборд спортының дамуына қосқан үлесі үшін Йохан Элиашты II дәрежелі «Достық» орденімен марапаттады.

Кездесуде Қазақстанның Халықаралық шаңғы спорты федерациясымен ынтымақтастық перспективасы талқыланды.