Александр Шевченко ATP 250 турнирінің ширек финалына шықты

Александр Шевченко ATP 250 турнирінің ширек финалына шықты
Теннис

Александр Шевченко / Сурет: Olympic.kz

Қазақстанның екінші ракеткасы Александр Шевченко Аделаидада өтіп жатқан ATP 250 турнирінің ширек финалына шықты, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі. 

Аустралия ашық біріншілігінің алдындағы соңғы жарыстың 1/8 финалында отандасымыз венгриялық Мартон Фучовичті 6:3, 7:6 (8:6) есебімен жеңіп, келесі кезеңге жолдама алды. 

Шевченко жарыстың жартылай финалына шығу үшін Франция өкілі Уго Умбергемен шеберлік байқасады.