Australian Open: негізгі кезеңде неше отандасымыз бақ сынайды

Australian Open: негізгі кезеңде неше отандасымыз бақ сынайды
Теннис

Елена Рыбакина / Сурет: WTA

18 қаңтарда теннистен жаңа 2026 жылғы маусымның алғашқы “Үлкен дулыға” жарысы - Australian Open турнирі басталады, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі. 

Маусымдағы алғашқы ірі бәсекенің негізгі кезеңінде бес қазақ теннисшісі өнер көрсетеді. Әйелдер арасында әлемнің бесінші ракеткасы Елена Рыбакина, Юлия Путинцева мен жарысқа қатысуға wild card жеңіп алған Зарина Дияс бақ сынайды.

Ерлерден жақын күндері ғана дүниежүзілік рейтингте әлемнің үздік он теннисшісінің қатарына кірген Александр Бублик пен Александр Шевченко турнирге қатысады. 

Жарыстың іріктеу кезеңінде отандастарымыздан Дмитрий Попко сынға түсіп, ол америкалық Маккензи Макдональдқа есе жіберді.