Астанада «Namys» спорттық сыйлығының жеңімпаздары анықталды
Ұйымдастырушылар
23 желтоқсанда Астанада «Namys» спорттық сыйлығының жеңімпаздары марапатталды. Бейбітшілік және келісім сарайында өткен салтанатты шарада 2025 жылғы спорт саласының үздіктері 14 номинация бойынша анықталды.
Іс-шараға ҚР ҰОК бас хатшысы Әлімжан Ақаев, ҚР Туризм және спорт министрінің орынбасары Серік Жарасбаев, Астана қаласы әкімінің орынбасары Ерік Мейрхан қатысты. Қала әкімінің орынбасары елордада спортпен жүйелі айналысатын тұрғындар үлесі 42 пайызға жеткенін атап өтіп, 2025 жылы жеке демеушілер есебінен бірқатар жаңа спорт нысандары пайдалануға берілгенін айтты. Сонымен қатар, астаналық спортшылар жыл ішінде 1400-ден астам жарысқа қатысып, шамамен 5 мың медаль жеңіп алған.
Номинация жеңімпаздары:
Жылдың үздік спортшысы – Санжар Тәшкенбай
Жылдың үздік жаттықтырушысы – Меруерт Балғынбаева
Жыл серпіні – Ақмарал Ерекешева
Жыл серпіні (пара спортшы) – Әли Тұрғанбеков
Үздік пара спортшы – Никита Ермаков
Паралимпиадалық спорттың үздік жаттықтырушысы – Михаил Бурчалин
Ұлттық спорт түрлерінен үздік жаттықтырушы – Нұржан Қонарбаев
Ұлттық спорт түрлерінен үздік спортшы – Сағындық Әшім (қазақ күресі)
Жылдың үздік командасы – №10 БЖСМ шайбалы хоккей командасы
Үздік спорттық нысан – «Ozen Fitness»
Үздік қалалық спорт федерациясы – Астана қаласының гимнастика федерациясы
Жылдың үздік спорттық ұйымы – «Елорда» мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға арналған спорт клубы
Үздік спорттық телеарна – «QAZSPORT»
Үздік спорттық портал – Elordainfo.kz
Жеңімпаздар арнайы естелік сыйлықтармен және мақтау қағаздарымен марапатталды.