Қазақстан фристайл-акробатикадан әлем Кубогы кезеңіне қатысады
Қысқы спорт
Бүгін, 20 желтоқсанда, Қытайдың Чжанцзякоу қаласында фристайл-акробатикадан Әлем кубогының кезекті кезеңі басталады, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі ҚР ҰОК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Аталған халықаралық жарыста Қазақстан құрамасы өнер көрсетеді. Құрамға енген спортшылар: Ардана Маханова, Ұланбакир Өмірзақов, Шерзод Хаширбаев, Роман Иванов, Дінмұхамед Райымқұлов, Асылхан Асан.