Финалиссима-2026 қашан өтетіні белгілі болды

Финалиссима-2026 қашан өтетіні белгілі болды
Футбол

2026 жылғы Финалиссима турнирі наурызда өтеді, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі.

Еуропа чемпионы Испания мен Америка кубогының жеңімпазы Аргентина 2026 жылғы Финалиссима аясында 27 наурыз күні кездеседі. Екі құрлықтың үздігі арасындағы матч Қатар астанасындағы әйгілі «Лусаил» стадионында өтеді.

Еске салайық, Финалиссима Еуропа чемпионаты мен Америка кубогының жеңімпаздары арасында ұйымдастырылады және бейресми түрде құрлықаралық суперкубок саналады. Алғашқы Финалиссима 2022 жылы өтті. Ол матчта Аргентина Италияны 3:0 есебімен жеңіп, жеңімпаз атанған еді.