Қазақ хоккейшісі Финляндияның басты лигасында ойнайды
Хоккей
Александр Ким / Сурет: Халықаралық шайбалы хоккей федерациясы (IIHF)
Қазақстан жастар құрамасының шабуылшысы Александр Ким енді Финляндияның Liiga чемпионатында ойнайды, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі.
Ол финляндиялық "Эссят" клубымен екі жылға, 2027 жылға дейін келісімшартқа қол қойған. 20 жастағы шабуылшы биылғы маусымды Пори қаласының жастар командасы құрамында бастап, 27 ойында 43 (24+19) ұпай еншілеген және ол лиганың үздік сұрмергені.
Өткен маусымда хоккейші АҚШ-тың NAHL біріншілігінде бақ сынап, "Бисмарк Бобкэтс" құрамында чемпион атанған. Ол тұрақты маусымның 44 кездесуінде 28 (17+11) ұпай еншілеп, плей-оффтың 13 матчында 7 (4+3) ұпайды есебіне жазған.