Қазақстан жастар құрамасы әлем чемпионатын сәтсіз бастады
Хоккей
Қазақстан хоккей федерациясы
Словенияның Блед қаласында басталған хоккейден І дивизионның А тобындағы әлем чемпионатында Қазақстан жастар құрамасы бірінші матчын Украинаға қарсы өткізіп, жеңіліс тапты, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі.
Ойын есебін алғаш болып біздің хоккейшілер ашып, Корней Корнеев шайба соқты. Екінші кезең нәтижелі шабуылсыз өтсе, үшінші жиырма минуттықта украиналық хоккейшілер сан басымдығы кезінде таразы басын теңестірді. Жеңімпаз овертаймда анықталып, Украина құрамасы екі ұпайға иелік етті.
Украина U20 - Қазақстан U20 - 2:1 OT (0:1, 0:0, 1:0, 1:0)
0:1 – 06:52 – Корнеев (Кажибеков, Имашев)
1:1 – 41:55 – Куликов (Косарев, Шубинский) ГБ
1:2 – 62:33 – Кураев (Хапоненко, Стасюк)
Қақпашылар: Левшин – Ряшин