"Барыс" ҰХЛ драфт жасаған қақпашымен келісімшарт жасасты

Хоккей

"Барыс" хоккей клубы қақпашы Владимир Никитинмен сынақ келісімшартын жасасты, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі. 

Келісім 2025 жылдың 31 желтоқсанына дейін есептелген. Қазақстан жастар құрамасының қақпашысы маусымда Америка Құрама Штаттарында бастаған. Алдымен ол USHL-де өнер көрсететін "Янгтаун Фантом" сапында бастап, екі ойын өткізген. Одан кейін ол NAHL-да бақ сынайтын "Нью Гэмпшир Маунтэйн Кингз" құрамын толықтырып, онда төрт ойында қақпа қорғады. 

Айта кетейік, екі жыл бұрын "Оттава Сенаторз" командасы Владимир Никитинді 7-кезеңде жалпы 207-нөмірмен таңдаған болатын. Биыл жазда қақпашы канадалық клубтың лагеріне қатысқан болатын.