Қазақстан жастар құрамасы әлем чемпионаты алдында қос жолдастық матч өткізеді
Хоккей
Қазақстан хоккей федерациясы
7-13 желтоқсан күндері Словенияның Блед қаласында І дивизионның А тобында жастар арасындағы әлем чемпионаты өтеді, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі.
Қазақстан құрамасы топ-дивизионның жалғыз жолдамасын Франция, Австрия, Норвегия, Словения мен Украина командаларымен сарапқа салады.
Оқу-жаттығу жиындарының алғашқы кезеңі 22 қарашада Астанада басталды. 29 қараша күні команда Словенияға аттанып, жаттығу жиындарының екінші кезеңін жарыс өтетін елде өткізеді. Бұл кезең аясында жастарымыз екі жолдастық кездесу өткізеді деп жоспарланған. Қарсыластар - Норвегия (2 желтоқсан) мен Словения (4 желтоқсан).
Әлем чемпионатының алғашқы матчында Қазақстан құрамасы Украина қарсы ойнайды. Матч 7 желтоқсан күні болады.