“Қайраттың” Чемпиондар Лигасындағы матчтары қайда өтетіні белгілі болды

“Қайраттың” Чемпиондар Лигасындағы матчтары қайда өтетіні белгілі болды
Футбол

“Қайраттың” Чемпиондар Лигасындағы ойындары Астанада өтеді, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі. 

Бұл туралы алматылық клубтың баспасөз қызметі ресми түнде мәлімдеме жасады. “Қайраттың” 9 желтоқсанда “Олимпиакоспен” және 20 қаңтарда “Брюггемен” өтетін ойындары “Астана Арена” стадионында өтеді. 

- “Алматыдағы Орталық стадионда матчты қыста өткізу тәжірибесі көрсеткендей, төмен температура, шатырдың жоқтығы, қау жауу қаупі жанкүйерлер үшін қолайсыздық туғызып, алаң қызметін қиындатады. Көрермендерге жайлы әрі қауіпсіз жағдай жасау үшін матч жабық стадионда өтеді”, - деп жазылған клуб мәлімдемесінде. 

Матчтарға билет бағасы 15 000 - 50 000 теңге аралығында болады. Бір адамға екі билеттен артық сатылмайды.