Софья Самоделкина Гран-При жарысында екінші орын алды

Софья Самоделкина Гран-При жарысында екінші орын алды
Қысқы спорт

Мәнерлеп сырғанаудан Қазақстан құрамасының мүшесі Софья Самоделкина Гран-При жарысының жүлдегері атанды, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі. 

Отандасымыз Токиода өткен NHK Trophy - Гран-При жарысы кезеңінде еркін бағдарламасы үшін 132.25 ұпай алды. Оның қысқа бағдарламасын төрешілер 67.75 ұпайға бағалаған. Осылайша, Софья Самоделкина қос бағдарлама қорытындысында 200 ұпац еншілеп, күміс жүлдеге қол жеткізді. Бұл - қазақстандық мәнерлеп сырғанаушының биылғы Гран-При жарысындағы алғашқы жүлдесі.