Софья Самоделкина Гран-При жарысына қатысады
                Қысқы спорт
                                            Olympic.kz
Халықаралық конькимен жүгірушілер одағы алдағы Гран-придің кезеңіне қатысушылар құрамын жариялады, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі.
Ол жарыс Жапонияның Осака қаласында өтеді.
Әйелдер арасындағы жекелей сырғанау бағдарламасында Қазақстан құрамасынан Софья Самоделкина сынға түседі. Ол биыл АҚШ-тағы Норвуд қаласында өткен турнирде екінші орын алған болатын.
Жарысқа 12 спортшы қатысады. Дода 7-9 қараша аралығында өтеді.