Өзбекстан мамандары алғаш рет FIFA комитеттеріне тағайындалды

Ашық дереккөзінен
Тарихта алғаш рет өзбек футболының өкілдері FIFA-ның ресми комитеттеріне мүше болып кірді, деп хабарлайды Bassport.kz сайты 1bol.kz-ке сілтеме жасап.
Өзбекстан футбол федерациясының бірінші вице-президенті Равшан Ирматов FIFA-ның Технологиялар, инновациялар және цифрлық трансформация комитеті төрағасының орынбасары қызметіне тағайындалды.
Сондай-ақ, өзбек футбол қауымдастығының бас хатшысы Аваз Максумов – жағажай футболы жөніндегі комитеттің, ал әйелдер футболын дамыту бөлімінің басшысы Юлия Панина – әйелдер ұлттық құрамалары арасындағы жарыстар комитетінің мүшесі болды.
Бұл жаңалық Өзбекстан футболының халықаралық беделінің артып келе жатқанын көрсетеді. Соңғы жылдары елде FIFA мен AFC аясындағы жобалар белсенді дамып келеді. 2024 жылы Ташкентте футзалдан әлем чемпионаты табысты өткен болса, қазірдің өзінде 2027 жылғы жастар арасындағы әлем чемпионатына дайындық жүріп жатыр.
Аталған тағайындаулар – Өзбекстанның FIFA-мен серіктестігін жаңа деңгейге көтерген маңызды қадамдардың бірі.