18 жастағы Шерхан Қалмырза «Реалға» қарсы негізгі құрамнан көрінуі мүмкін

18 жастағы Шерхан Қалмырза «Реалға» қарсы негізгі құрамнан көрінуі мүмкін
Футбол

Қайрат ФК

Чемпиондар лигасында тарихи матчқа дайындалып жатқан 18 жастағы қазақстандық қақпашы Шерхан Қалмырзаға қатысты жағымды жаңалық шықты. Испандық сарапшы әрі Marca журналисі Давид Руис ASnews.kz басылымына берген сұхбатында жас ойыншының «Реалға» қарсы алаңға шығуы ешқандай күмән тудырмауы керектігін айтты, деп жазады Bassport.kz. 

«Егер Қалмырза “Реалға” қарсы негізгі құрамнан көрінсе, бұны жаңалық деп қабылдаудың қажеті жоқ. Чемпиондар лигасында Бұған дейін де мұндай тәжірибе болған. Мысалы, Лерой Сане 19 жасында гол соғып, жас Икер Касильяс 2002 жылы қақпаны шешуші кезеңде қорғаған. Тіпті Месут Озил “Местальяда” дәл Шерханның жасында өзіне мадридтік клубтың назарын аударған. Сондықтан таңқалудың қажеті жоқ, бәрі өз орнында», – деді Руис. 

Еске сала кетейік, «Қайрат» 30 қыркүйекте Чемпиондар лигасының ең көп жеңімпазы мадридтік «Реалмен» кездеседі. Қақпашылар Александр Заруцкий мен Темірлан Анарбеков жарақат алғандықтан, қақпаны қорғау міндеті жас Шерханға жүктелуі әбден мүмкін.