«Спортинг» ойыншысы: Сатпаев бізді таңқалдырды

«Спортинг» ойыншысы: Сатпаев бізді таңқалдырды
Футбол

Лиссабондық «Спортингтің» бельгиялық қорғаушысы Зено Дебаст Чемпиондар лигасындағы «Қайратқа» қарсы өтетін матч алдында алматылық клубтың жас шабуылшысы Дастан Сатпаев туралы ойын айтты, деп хабарлайды Bassport.kz.

Жақында Сатпаев пен Дебаст әлем чемпионаты-2026 іріктеуіндегі Бельгия – Қазақстан кездесуінде Брюссельде жолыққан болатын. Ол ойында алаң иелері 6:0 есебімен айқын жеңіске жеткен еді. 

«Ол бізді Бельгияға қарсы матчта таңқалдырды. Өз командасы үшін маңызды ойыншы. Біз оның стилін де, «Қайраттың» ойынын да талдадық – Сатпаев расымен де мықты футболшы», — деді Дебаст баспасөз мәслихатында. 

Айта кетейік, «Спортинг» – «Қайрат» матчы 18 қыркүйектен 19-ына қараған түні Лиссабонда өтеді. Кездесудің басталуы — Астана уақытымен 00:00-де.