Конор Макгрегор UFC құрамынан шығарылды

Конор Макгрегор UFC құрамынан шығарылды
Жекпе-жек

Коммерсант

Атақты ирландиялық файтер Конор Макгрегор (22-6) UFC файтерлер тізімінен алынды, деп хабарлайды Bassport.kz.

UFC Roster Watch әлеуметтік желідегі парақшасында:

«Ресми тізім бойынша, бәрі оның ұйымнан шеттетілгенін көрсетеді. Қазір Конор мен UFC арасында қандай да бір келіссөздер жүріп жатқаны туралы ақпарат жоқ», – деп жазылды.

Айта кетейік, екі апта бұрын Макгрегор UFC-ге оралуға ниетті екенін мәлімдеген еді. Ол соңғы рет 2021 жылдың шілдесінде октагонға шығып, америкалық Дастин Порьеге (30-10) бірінші раундта техникалық нокаутпен жеңілген. Бұған дейін, 2021 жылдың қаңтарында, Конор Порьеден екінші раундта нокаутпен ұтылған болатын.