Алиби Идрис UFC 319 турнирін ашпайтын болды

Жекпе-жек
Sports24.kz
Bassport.kz мәліметінше, алғашқы қазақстандық UFC файтері Алиби Идрис енді Чикагода өтетін UFC 319 турнирін ашпайды.
UFC президенті Дана Уайт кардтың жаңа ашылу жекпе-жегін жариялады: жуырда Dana White’s Contender Series шоуында жеңіп, лигаға жолдама алған дағыстандық Байсанур Сусуркаев дебютінде америкалық Эрик Ноланмен (8-3) кездеседі.
Идрис өз кезегінде АҚШ өкілі Джозеф Моралеске қарсы жеңіл салмақтағы жекпе-жегін негізгі кард алдында өткізеді.
Турнирдің басты оқиғасы өзгеріссіз қалды — Дрикус Дю Плесси Хамзат Чимаевпен күш сынасады.