«Астана» 2025/26 жылғы еурокубок маусымында 900 мың еуро тапты

Футбол
Vesti.kz
«Астана» футбол клубы Конференция лигасының үшінші іріктеу кезеңінде Швейцарияның «Лозаннасынан» екі матч қорытындысы бойынша (1:3, 0:2) ұтылып, жарыстан шығып қалды, деп хабарлайды Bassport.kz.
Биылғы еуромаусымда елордалық команда жалпы 900 мың еуро (шамамен 566,6 миллион теңге) табыс тапты. Маусым соңында бұл сомаға телехабар тарату және маркетингтік құқықтардан түсетін төлемдер қосылады.
«Астана» Конференция лигасын екінші іріктеу кезеңінен бастап, Молдованың «Зимбруын» қос матчтың қорытындысы бойынша 3:1 есебімен жеңіп, келесі кезеңге өткен еді.