«Астана» өз алаңында ұтылып, еурокубоктан шеттетілді

«Астана» өз алаңында ұтылып, еурокубоктан шеттетілді
Футбол

Sportburo.kz

«Астана» футбол клубы Конференция лигасының үшінші іріктеу кезеңіндегі жауапты матчта Швейцарияның «Лозаннасына» есе жіберді, деп хабарлайды Bassport.kz.

Ойын «Астана Арена» стадионында өтіп, оған Словениялық төреші Мартин Матош төрелік етті. Бірінші таймда екі команда да қауіпті сәттер ұйымдастырғанымен, есеп ашылмады. Үзілістен кейін алаң иелерінің қорғаныстағы қателіктері қонақтардың пайдасына шешілді: 48-минутта Беятт Лекуэйри, ал 66-минутта Гауссу Дьяките гол соқты — 0:2. 86-минутта Эбонг қызыл қағаз алып, «Астана» матчты он ойыншымен аяқтады.

Алғашқы ойында да 1:3 есебімен ұтылған қазақстандық клуб екі матчтың қорытындысы бойынша жарыстан шығып қалды. Ал «Лозанна» плей-офф кезеңіне жолдама алды.