“Оқжетпес” – “Қайрат” матчы кейінге қалдырылды

“Оқжетпес” – “Қайрат” матчы кейінге қалдырылды
Футбол

Kursiv.kz

“Оқжетпес” клубы 24 тамызда Көкшетауда өтуі тиіс “Қайратқа” қарсы ойынды белгісіз мерзімге шегерді, деп хабарлайды Bassport.kz BorodAbata.kz-ке сілтеме жасап.

Бұл шешім алматылықтардың Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңінде Шотландияның “Селтигімен” кездесетіндігіне байланысты қабылданды.

Алғашқы матч 20 тамыздан 21 тамызға қараған түні Глазгода өтсе, қарымта ойын 26 тамызда Алматыда ұйымдастырылады.

Жеңімпаз клуб Чемпиондар лигасының негізгі кезеңіне жолдама алады, ал жеңілген команда Еуропа лигасында бақ сынайды.