Қайрат Боранбаев Алматыдағы Орталық стадионның Чемпиондар лигасы ойындарына дайындығын бағалады

Футбол
Forbes.kz
«Қайрат» футбол клубының Бақылау кеңесі төрағасы Қайрат Боранбаев Алматыдағы Орталық стадионның Чемпиондар лигасының негізгі кезең матчтарын қабылдауға дайындығы туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Bassport.kz Sports24.kz-ке сілтеме жасап.
«Орталық стадионның алаңы дайын. Әрине, УЕФА тарапынан белгілі бір талаптар болады, оларды реттеу қажет. Жалпы, Алматы әкімдігі бізбен байланыста, стадионды қайта жаңарту идеясы бар. Біз бұл кездесулерді өткіземіз», – деді Боранбаев.
Еске сала кетейік, алматылық «Қайрат» Чемпиондар лигасы плей-офф кезеңінде Шотландияның «Селтик» клубымен кездеседі. Бірінші матч 20 тамызда Глазгода, жауап ойыны 26 тамызда Алматыда өтеді.
Үшінші іріктеу кезеңінде «Қайрат» Братиславаның «Слованын» жарыс жолынан шығарды. Словакиядағы алғашқы ойында алаң иелері 1:0 есебімен жеңсе, жалпы есеп тең болды. Пенальти сериясында алматылықтар 4:3 есебімен басым түсіп, плей-оффқа жолдама алды.