«Қайрат» УЕФА Чемпиондар лигасының тобына шықса, EA FC26 ойынына қосылуы мүмкін

«Қайрат» УЕФА Чемпиондар лигасының тобына шықса, EA FC26 ойынына қосылуы мүмкін
Футбол

Tengri Sport

Алматылық «Кайрат» тарихта алғаш рет EA Sports шығарған әйгілі EA FC26 футбол симуляторына енгізілуі ықтимал, деп хабарлайды Bassport.kz Meta-ratings.kz-ке сілтеме жасап.

Бұл мүмкіндік клуб Чемпиондар лигасының топтық кезеңіне жолдама алса ғана жүзеге асады, себебі турнир EA Sports жобасында ресми түрде лицензияланған. Бұған дейін ешбір қазақстандық клуб EA Sports ойындарына енгізілген жоқ. Қазақстан футболы соңғы рет FIFA World Cup 2010 ойынында көрініс тапқан, онда тек ұлттық құрама болды және оның құрамы толықтай ойдан шығарылған еді.

Чемпиондар лигасы іріктеуінің плей-офф кезеңінде «Кайрат» Шотландияның «Селтик» клубымен кездеседі. Матчтар 20 тамызда Глазгода және 26 тамызда Алматыда өтеді.