Дональд Трамп футбол атауын өзгертпек

Дональд Трамп футбол атауын өзгертпек
Футбол

ERR

АҚШ-тың президенті Дональд Трамп клубтық әлем чемпионатының финалынан кейін елдегі футбол атауын өзгертуді қарастыруы мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды Bassport.kz Championat.com-ға сілтеме жасап.  

Қазір АҚШ-та футбол soccer деп аталады. Алайда Трамп бұл атауға қатысты өз пікірін білдіріп, оны Еуропадағыдай «football» деп атау ұсынысын алға тартты.

– Джанни Инфантино – менің досым, олар лигамен және футболмен тамаша жұмыс істеп жатыр. Олар мұны футбол деп атайды, біз – соккер дейміз. Атауын өзгерту оңай бола қоймас. Бірақ бұл қызықты процесс, – деді Трамп.

Одан кейін тілші АҚШ-та ресми түрде «soccer» атауын «football» деп өзгертуді президенттік жарлықпен бекіту мүмкіндігі туралы сұрағанда, Трамп сәтті қалжыңмен жауап берді:

– Мен мұны жасай аламын!

Айта кетейік, 2025 жылғы клубтық әлем чемпионатының финалында ағылшындық «Челси» клубы Францияның ПСЖ командасын 3:0 есебімен ойсырата жеңіп, турнир жеңімпазы атанған болатын.