Ташкентте үстел теннисінен «WTT Youth Contender Tashkent 2025» халықаралық турнирі басталды

Теннис
Түркістан Спорт Басқармасы
Ташкентте үстел теннисінен «WTT Youth Contender Tashkent 2025» халықаралық турнирі басталды. Оған Аустралия, Әзербайжан, Беларусь, Грузия, Үндістан, Иран, Қазақстан, Корея, Қырғызстан, Малайзия, БАӘ, Сауд Арабиясы, Тәжікстан, Түрікменстан және Өзбекстан елдерінің спортшылары қатысуда. Жарыс 19, 17, 15, 13 және 11 жасқа дейінгі жас санаттары бойынша өтуде.
«WTT Youth Contender Tashkent 2025» халықаралық турнирінде қазақстандық спортшылар 7 медаль жеңіп алып, елге оралды — 3 алтын, 1 күміс және 3 қола жүлде.
1-орын иегерлері:
Алан Курманғалиев (19 жасқа дейін),
Абдулла Мамай / Ноила Ханиязова (19 жасқа дейінгі аралас жұп), Түркістан облысы, «Түркістан теннис клубы»,
Аделя Алжанова (11 жасқа дейін).