Қазақстанның бірінші ракеткасы Анна Данилина «Ролан Гаррос» жартылай финалына шыққаны үшін қанша табыс тапты

Қазақстанның бірінші ракеткасы Анна Данилина «Ролан Гаррос» жартылай финалына шыққаны үшін қанша табыс тапты
Теннис

ҰОК

Қазақстандық теннисші Анна Данилина жұптық сында «Ролан Гаррос» турнирінің жартылай финалына шыққаны үшін 148 мың еуро (шамамен 86 миллион теңге) сыйақы алды, деп хабарлайды Bassport.kz.

Ширек финал сатысында Данилина сербиялық әріптесі Александра Круничпен бірге Катержина Синякова (Чехия) мен Тэйлор Таунсенд (АҚШ) дуэтін үш сетке созылған кездесуде 7:5, 4:6, 6:2 есебімен жеңіп шықты. Осылайша, қос спортшы кемінде 148 мың еуроны иеленді.

Финалға жолдама үшін Данилина мен Крунич норвегиялық Улрикке Эйкери мен жапондық Эри Ходзумиге қарсы ойнайды. Бұл жұп бұған дейін румыниялық Ирина Бегу мен бельгиялық Янина Викмайерден 6:4, 6:3 есебімен басым түскен.

Айта кетейік, 2025 жылғы «Ролан Гаррос» турнирі 27 мамыр мен 8 маусым аралығында өтуде. Биылғы жарыстың жалпы жүлде қоры - 56 352 000 еуро. Әйелдер арасындағы жұптық сында былтырғы чемпиондар - америкалық Кори Гауфф пен чех Катержина Синякова.