Александр Бублик Туринде өткен ATP Challenger турнирінің чемпионы атанды

Теннис
Қазақстандық теннисші Александр Бублик Италияның Турин қаласында өткен ATP Challenger 175 сериясындағы турнирде топ жарды.
Финалда ол қытайлық Бу Юньчаокэтэны 6:3, 6:3 есебімен жеңіп, жарыстың басты жүлдесіне ие болды.
Бұл Бублик үшін ATP Challenger деңгейіндегі жетінші чемпиондық атақ. Айта кетейік, бұл оның топырақты корттағы алғашқы жеңісі.