Париж-2024 турнирінде алтын алған Қазақстанда рекорд орнатты

Париж-2024 турнирінде алтын алған Қазақстанда рекорд орнатты
Олимпиада 2024

olympic.kz

Тараз қаласында тірек-қимыл аппараты, көру органдары зақымданған және зияткерлік даму ерекшеліктері бар спортшылар арасында Қазақстан Республикасының VII Спартакиадасы басталды, деп хабарлайды Bassport.kz Kazinform агенттігіне сілтеме жасап.
2020 жылы Токиода және 2024 жылы Парижде өткен жазғы Паралимпиада ойындарының чемпионы, Қазақстан тарихындағы тұңғыш екі дүркін паралимпиада чемпионы, Атбасар қаласының тумасы Давид Дегтярев 180 келі салмақты көтеріп, өз салмақ дәрежесінде Қазақстан рекордын орнатты.

— Біздің жерлесіміз, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері Давид Дегтярев 59 келі салмақ дәрежесінде 180 келі штанганы көтеріп, чемпион атанып, рекорд орнатты, — деп хабарлады Ақмола облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметі.