Қазақстан Солтүстік Македониядан жеңілді

Kff.kz
Әлем Чемпионатына іріктеу кезеңінің аясында Қазақстан ұлттық құрамасы өз алаңында Солтүстің Македония құрамасы қабылдады, деп хабарлайды Bassport.kz сайты.
«Астана-Арена» стадионында өткен матчта Қазақстан құрамасы 0:1 есебімен жеңіліс тапты. Кездесудегі жалғыз голды 33-ші минутта Солтүстік Македония құрамасының ойыншысы Александр Трайковски соқты. Бірінші таймда Қазақстан қарсылас қақпасына қауіп төндіре алмады, ал екінші таймда ұлттық құрама жігіттері есепті теңестіру үшін барын салғанымен, нәтиже шығара алмады. Алаңға қосалқы құрамнан шыққан Дастан Сәтпаев, Александр Зуев пен Алияр Мұхаммед те команданың ойынын өзгерте алмады.
Бұл жеңіліс Қазақстан құрамасы үшін іріктеу кезеңіндегі екінші сәтсіздік болды. Бұған дейін ұлттық құрама Уэльске 1:3 есебімен ұтылса, Лихтенштейнді 2:0 есебімен жеңген еді. Қазіргі таңда J тобында Қазақстан 3 ұпаймен үшінші орында тұр.
Ұлттық құрама келесі ойынын 9 қыркүйекте Уэльске қарсы «Астана-Арена» стадионында өткізеді.