Қазақстан құрамасы 2026 жылғы әлем чемпионатына іріктеуде турнир кестесінде нешінші орында?

Қазақстан құрамасы 2026 жылғы әлем чемпионатына іріктеуде турнир кестесінде нешінші орында?
Футбол

KFF

2026 жылғы футболдан әлем чемпионатына іріктеу кезеңінің J тобы аясындағы матчтардан кейін Қазақстан құрамасы турнир кестесінде төртінші орынға түсіп қалды, деп хабарлайды Bassport.kz.

Астана Аренада өткен ойында Қазақстан құрамасы Солтүстік Македониядан 0:1 есебімен жеңіліп қалды. Қонақтардың жалғыз голын 33-минутта Александар Трайковски соқты.

Осы кездесуден кейін топтағы тағы бір маңызды матч — Бельгия мен Уэльс құрамалары арасындағы кездесу нағыз драмалық спектакльге айналды. Бельгиялықтар алғашқы таймда 3:0 есебімен алға шыққанымен, уэльстіктер есепті теңестіріп үлгерді. Дегенмен, Кевин Де Брюйне 88-минутта шешуші гол соғып, Бельгияға 4:3 есебімен жеңіс сыйлады.

Осы нәтиже нәтижесінде Қазақстан құрамасы үшінші орыннан төртінші орынға төмендеді.

Турнирлік кесте (J тобы):

1. Солтүстік Македония — 8 ұпай (4 матч)

2. Уэльс — 7 ұпай (4 матч)

3. Бельгия — 4 ұпай (2 матч)

4. Қазақстан — 3 ұпай (3 матч)

5. Лихтенштейн — 0 ұпай (3 матч)