Криштиану Роналду 2025 жылы өтетін Клубтар арасындағы Әлем Чемпионатына қатыспайды

Футбол
Getty Images
Криштиану Роналду, «Аль-Насрмен» келісімшарты 30 маусымда аяқталатын шабуылшы, алдағы клубтық әлем чемпионатына қатыспайтынын нақты мәлімдеді, деп хабарлайды Bassport.kz сайты.
Турнир АҚШ-та 15 маусым мен 13 шілде аралығында өтеді.
«Мен клубтық әлем чемпионатына қатыспайтыным іс жүзінде шешіліп қойды, көптеген шақырулар мен ұсыныстарға қарамастан. Келіссөздер, байланыстар болды… Бірақ қысқа, орта және ұзақ мерзімді болашақты ойлау керек», — деді Роналду баспасөз мәслихатында. Оның сөздерін Фабрицио Романо келтірген.
Бұған дейін БАҚ-та Роналдудың жазда клубтық әлем чемпионатына қатысу үшін Сауд Арабиясының «Аль-Хиляль» клубына жалға берілуі мүмкін деген ақпарат тараған болатын.