Зидан Сауд Арабиясынан келген ірі ұсынысты қабылдамады

Getty Images
«Реалдың» бұрынғы бас бапкері Зинедин Зидан Сауд Арабиясының Про-лигасынан түскен жомарт ұсыныстан бас тартты, деп хабарлайды Bassport.kz сайты.
L'Équipe дерегінше, 52 жастағы маман «Аль-Хиляль» клубының маусымына 100 миллион еуро жалақысы бар бір жылдық келісімшартынан бас тартқан. Зиданның бас тартуынан кейін «Аль-Хиляльдің» бас бапкерлігіне басты үміткер ретінде «Интердің» қазіргі жаттықтырушысы Симоне Индзаги қарастырылып жатыр.
Зидан өзінің бүкіл бапкерлік мансабын «Реал» жүйесінде өткізді. Ол 2021 жылы мадридтік клубтың бас командасынан кеткеннен кейін әлі жұмысқа орналасқан жоқ.
Өткен маусымда Сауд Про-лигасында «Аль-Хиляль» екінші орынмен шектелді. Мамыр айының басында команданың бас бапкері Жоржи Жезуш қызметінен босатылған болатын.