Месси Роналду ойнайтын клубқа ауысуы мүмкін

Yahoo Sports
Аргентиналық шабуылшы Лионель Мессиге Сауд Арабиясының төрт бірдей клубы қызығушылық танытып отыр, деп жазады Bassport.kz TEAMtalk сайтына сілтеме жасап.
Аталған мәліметке сәйкес, Сауд Арабиясының Қоғамдық инвестициялық қоры Мессиді өз чемпионатына тарту мақсатында келіссөздерді қайта бастады. Егер жұлдызды футболшы нақты түрде ауысуға дайын болса, онда ол қай клубқа баратыны талқылана бастайды. Қазіргі таңда оған қызығушылық танытқан клубтар қатарында «Аль-Ахли», «Аль-Хиляль», «Аль-Иттихад» және Криштиану Роналду ойнайтын «Аль-Наср» бар.
Айта кетейік, Лионель Месси 2023 жылдан бері АҚШ-тың «Интер Майами» клубында ойнап келеді. Оның қазіргі келісімшарты 2025 жылдың желтоқсанына дейін күшінде.
Саудиялық клубтар тарапынан ұсыныстар нақты деңгейге жеткен жоқ, дегенмен келіссөздердің келесі кезеңінде бұл мәселе қаралуы мүмкін.