"Милан" Массимилиано Аллегридің оралғаны жайлы хабарлады

Футбол

Getty Images

Италиялық «Милан» клубы командаға бас бапкер ретінде Массимилиано Аллегридің тағайындалғанын ресми түрде хабарлады. Бұған дейін БАҚ-та «россонерилер» бапкерге екі жылдық келісімшарт ұсынғаны айтылған еді. Мамандардың айтуынша, Аллегридің жалақысы маусымына 5 миллион еуроны құрауы мүмкін, сондай-ақ бонустық төлемдер де қарастырылған.

«Клуб Массимилиано мен оның көмекшілерін жылы қабылдайды және оларға сәттілік тілейді», — деп жазылған клубтың ресми сайтындағы баспасөз хабарламасында.

Аллегри 2010 жылдан 2014 жылға дейін «Милан» командасының бас бапкері қызметін атқарған. Оның басшылығымен «Милан» 2010/2011 жылғы маусымда Италия чемпионы атанды және Италия Суперкубогын жеңіп алды. 57 жастағы маманның соңғы жұмыс орны — «Ювентус» (2021–2024 жылдар аралығы) болды.