ФИФА Анчелоттидің Бразилия құрамасымен келісімшартына байланысты тергеу бастады

ФИФА Анчелоттидің Бразилия құрамасымен келісімшартына байланысты тергеу бастады
Футбол

BBC

ФИФА Бразилия футбол конфедерациясына (CBF) Карло Анчелоттидің ұлттық құраманың бас бапкері қызметіне тағайындалуы кезінде футбол агенттеріне қатысты ережелердің бұзылу мүмкіндігіне байланысты тергеу жүргізу қажеттігі туралы хабарлама жіберді, деп хабарлайды Bassport.kz.

Ge.Globo басылымының мәліметінше, Анчелоттидің келісімшартын рәсімдеу барысында агент Диего Фернандеске төленуі тиіс 1,2 миллион еуро көлеміндегі комиссия күмән тудырған. ФИФА бұл жағдайдағы Диего Фернандестің рөліне күмән келтіріп отыр.

Себебі ол соңғы күндері Карло Анчелоттиді Бразилияға ресми таныстырылымға дейін үздіксіз бірге ертіп жүрген. Осыған байланысты ФИФА CBF-тен келесі ақпараттарды ұсынуды талап етті:

CBF-тің осы мәселеге қатысты қысқаша ұстанымы, әсіресе Диего Фернандестің келісімшартқа әсері тұрғысынан;

келісімшартқа қатысты кез келген хат алмасу, әсіресе агенттің қатысуымен;

келісімшарт бойынша CBF тарапынан жасалған төлемдердің көшірмесі;

CBF пен Диего Фернандес арасындағы кез келген келісімдер.