Моуриньо "Фенербахчеде" әлі де қалғысы келеді

Getty Images
«Фенербахче» клубының бас бапкері Жозе Моуринью командадағы болашағына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Bassport.kz сайты.
Түркия чемпионатының аяқталуы бойынша «Фенербахче» екінші орынды иеленіп, «Галатасарайға» жол берді.
«Мен клубта қаламын ба? Біздің президент бірнеше апта бұрын мені клубта қалдырғысы келетінін айтқан болатын. Бұл – жария түрде айтылған сөздер еді. Егер оның ұстанымы өзгерсе — маған бұл жайлы ешкім айтқан жоқ.
Мен соңғы жеті жылда екі еурокубок финалына шықтым. Яғни, менің жеті жылда шыққан еурокубок финалым Түркия футболының бүкіл тарихындағы финалдар санынан көп. Келесі маусымда біз Чемпиондар лигасына іріктеу арқылы өткіміз келеді. Ол үшін бізге жақсы дайындық қажет», — деп келтіреді Моуриньюдің сөзін ESPN.
Айта кетейік, Моуринью 2021/22 маусымында Римнің «Рома» клубымен Конференциялар лигасын жеңіп алды және 2022/23 маусымында Еуропа лигасының финалына дейін жеткен болатын.