Салах мансабын қашан аяқтайтынын айтты

Салах мансабын қашан аяқтайтынын айтты
Футбол

Getty Images

«Ливерпуль» шабуылшысы Мохамед Салах кәсіби мансабын аяқтау жоспарымен бөлісті, деп хабарлайды Bassport.kz.

— Мен 39 немесе 40 жасқа дейін ойнай аламын деп ойлаймын. Бірақ егер ертерек тоқтау қажет екенін сезінсем, кетемін. Мен көп нәрсеге қол жеткіздім. «Ливерпульмен» келісімшарт мерзімім аяқталуға жақын болған, Сауд Арабиясына ауысуға да таяу болдым, бірақ ақыры келісімге келдік, — деді Салах  ON Sports телеарнасына берген сұхбатында.

2024/2025 жылғы маусым қорытындысы бойынша Салах екінші рет Англия чемпионы атанды. Ол 52 матчта 34 гол соғып, 23 нәтижелі пас берген.